Қазақстандық әйел ұлын оқуға түсіремін деген алаяққа 2,5 миллион теңге берген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық әйел ұлын оқуға түсіремін деген алаяққа 2,5 миллион теңге берген Нейрожелі арқылы жасалған сурет

Абай облысының 41 жастағы тұрғыны алаяқтардың арбауына түскен. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, белгісіз біреу оның ұлын университетке түсіріп беремін деп уәде беріп, ақшасын қағып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі полиция департаментіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай облысының 41 жастағы тұрғыны алаяқтардың арбауына түскен. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, белгісіз біреу оның ұлын университетке түсіріп беремін деп уәде беріп, ақшасын қағып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі полиция департаментіне сілтеме жасап.

Жәбірленуші әйелдің айтуынша, әлгі жігіт былтыр көктемде 18 жастағы ұлын оқуға түсіріп беремін деп сендірген. Оған сенген әйел 2,5 миллион теңге берген.

Полиция күдіктіні анықтап, бөлімшеге жеткізген. Ол - Семейдің 41 жастағы тұрғыны. Қазір оған қатысты алаяқтық белгілері бойынша тексеру басталды.

"Күдіктіге құқықтары түсіндіріліп, шақырту бойынша келу міндеттемесі жіберілді. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деді полицейлер.

Еске салайық, былтыр Алматыда Neupusti компаниясына қатысты дау шыққан еді. Компания шетелде жұмысқа орналастыруды, сондай-ақ, Еуропа, Қытай және өзге елдердің жоғары оқу орындарына түсіруге көмектесеміз деп қызмет ұсынған. Алайда ондаған адам "кемі 1 миллион теңгеден артық ақша төлесек те, уәде етілген қызметті ала алмадық" деп шағымданған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 494.65  course down  583.73  course up  6.41  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети