Қазақстандық киберспортшы, бразилиялық FURIA командасында өнер көрсететін Данил molodoy Голубенко HLTV нұсқасы бойынша CS2-ден "Жылдың үздік жаңалығы" атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға HLTV Awards сыйлығын табыстау рәсімінде болды - бұл CS2 бойынша былтырдың қорытындысы шығатын, түрлі марапаттар берілетін жыл сайынғы рәсім.
FURIA-ның жарқын жаңалығы Данил molodoy Голубенко "Жылдың жаңалығы" жүлдесін Белградта сенбіде өткен HLTV Awards кешінде иеленді. Қазақстандық AWP-мерген бұл аталымда Falcons сапындағы Максим kyousuke Лукинді және Natus Vincere ойыншысы Дрин makazze Шакириді басып озды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қазақстандық ойыншы сахнаға ұлттық шапанмен шығып, өзге командалар ойыншылары отырған залдан қошеметке бөленді.
"Бүгін - менің туған күнім. Сенім артқандарыңызға рақмет, барлық жағынан қолдау көрсетіп жүрген FURIA-ға рақмет. Қолдауларыңыз үшін алғыс айтамын. Мен CS-ті жақсы көремін. Алға, Қазақстан!" - деді Голубенко.
Айта кетейік, Голубенконың әлемдегі үздік ойыншылар қатарына енуіне ықпал еткен оқиғалардың бірі Астанада болған. Қазақстан астанасында Данил FURIA құрамымен PGL сериясындағы ең ірі турнирлердің бірінде жартылай финалға дейін жеткен.
Данилдің командамен бірге жеткен өзге жетістіктері: Thunderpick World Championship 2025, Blast Rivals 2025 Season 2, FISSURE Playground 2, сондай-ақ IEM Chengdu турнирлеріндегі жеңістер. Кейінгі екеуінде molodoy турнирдің ең үздік ойыншысы деп танылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!