Қазақстандық мергендер әлем чемпионатында тағы 4 медаль жеңіп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық мергендер әлем чемпионатында тағы 4 медаль жеңіп алды Фото: instagram.com/drs_kz/

Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден жасөспірімдер арасындағы əлем чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы 4 жүлде түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден жасөспірімдер арасындағы əлем чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы 4 жүлде түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Жылжымалы нысана көздеуде (10 метр) Қазақстан әйелдер құрамасы Украинадан басым түсіп, чемпион атанды. Ел намысын қорғаған әпкелі-сіңлілі Зухра және Фатима Ирназарова мен Александра Сәдуақасова осы жаттығудағы ересектер арасындағы әлем рекордын тіркеді (1686 ұпай).

Ал осы сында еліміздің ерлер құрамасы Украина спортшыларына жол беріп, күміс медаль иегері атанды. Құрама сапында Асадбек Назиркульев, Илья Зотеев, Даниил Яковенко бақ сынады.

Сондай-ақ жылжымалы нысана көздеуде жекелей сында Фатима Ирназарова тұғыр биігінің 2-сатысынан көрінді. Ол финалда украиналық Маргарита Тарканиге (6-4) есе жіберді. Фатиманың іріктеуде жинаған 572 ұпайы жасөспірімдер арасындағы жаңа әлем рекорды. Тағы бір отандасымыз Александра Сәдуақасова қола медаль үшін матчта украиналық Алина Ткаликтен жеңіліп қалды.

Ал Никита Чирюкин 25 метрден тапаншамен (стандарт) оқ атуда күміс жүлдеге ие болды (572 ұпай). Отандасымыз тек жарыс қожайыны Сук Жин Хонгқа есе жіберді (578 ұпай).

Осыған дейін Никита Чирюкин алтын, Арина Алтухова күміс жүлдеге қол жеткізген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети