Қазақстандық теннисші ITF санатындағы турнирдің чемпионы атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық теннисші ITF санатындағы турнирдің чемпионы атанды instagram.com/ktf.kz

Тунисте өтіп жатқан ITF M15 санатындағы турнирде қазақстандық теннисші Әмір Омарханов алғаш рет кәсіби мансабында жекелей сында чемпион атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚТФ-ға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тунисте өтіп жатқан ITF M15 санатындағы турнирде қазақстандық теннисші Әмір Омарханов алғаш рет кәсіби мансабында жекелей сында чемпион атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚТФ-ға сілтеме жасап.

Финалда 18 жастағы Әмір өзімен қатарлас Германия өкілі, ATP рейтингіндегі №824 тұрған Макс Шонхаусты 6:3, 3:6, 6:4 есебімен жеңді.

Бұл жеңіс – Омархановтың кәсіби мансабындағы тұңғыш жекелей титулы.

2024 жылы Әмір – Қазақстан тарихында бірінші болып юниорлар арасындағы "Үлкен шлем" турнирінің жекелей сынында ширек финалға дейін жеткен спортшы атанған еді.
2025 жылы ол юниорлар әлемдік рейтингінде 4-орынға дейін көтеріліп, ATP тізімінде әлемнің үздік 1000 теннисшісінің қатарына енді.

Еске салайық, жартылай финалда Әмір Омарханов Мик Петковичті жеңіп финалға өткен болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети