Қазақстандық әйелмен мен Қырғызстан экобелсендісі Тәжікстанмен қарулы қақтығыс кезінде зардап шеккен қырғызстандықтарға көмек ретінде 10 миллион теңгеден аса қаржы жинады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандық әйелмен мен Қырғызстан экобелсендісі Тәжікстанмен қарулы қақтығыс кезінде зардап шеккен қырғызстандықтарға көмек ретінде 10 миллион теңгеден аса қаржы жинады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Tengrinews.kz ақша жинауды ұйымдастырған Исмаил Карыповпен әңгімелесіп, олардың қанша отбасына көмектескені және қай елдердің тұрғындары ақша аударатынын білді.
Алдымен ақшаны жинау қазақстандықтар арасында жарияланған. Қазақстандық Назгүл Жарбулова Twitter-дегі парақшасында бауырлас халыққа көмек сұрап хабарлама жариялады.
"Жиынның бастамашысы менің досым Назгүл Жарбулова болды. Мұның бәрі шабуылдың алғашқы күндерінде ешкімнің әрекет етпеуінен басталды, біз үнсіз отырғанда билік пен халық болып жатқан жайттарды елемейді деп жаздым. Менің жазбам мен твиттерім жан-жаққа тарап кетті, кейін Назгүл бізде бірнәрсе болып жатқанын көрді. Екі күннен соң ауқымды шабуыл басталғанда, ол қаражат жинауды жариялауды ұсынды", - деді Карыпов.
Белсендінің айтуынша, олар көп дегенде 1 миллион теңге жинай алады деп ойлаған, алайда алғашқы тәулікте шотқа шамамен 3 миллион теңге түскен. Ақша тек Қазақстаннан ғана емес, Қырғызстаннан, Армениядан, Түркиядан және АҚШ-тан да түсе бастады.
"Назгүл менің картама кезең-кезеңімен аударымдар жасады, ақша түскенде біз қажет заттарды сатып алып, Баткен халқына көмектесу үшін штабқа тапсырамыз. Бүгінгі таңда 10 миллион теңгеден аса қаржы түсті, ақша жинау әлі де жалғасып жатыр. Табыстың басым бөлігі Қазақстан мен Армениядан келеді", - деді ол.
Исмаил қаражатты бөлу бойынша есепті Instagram-парақшасында жүргізеді.
Бүгінде белсенділер көмекті зардап шеккендерге тікелей жеткізуді жоспарлап отыр.
"Біз бәрін штабқа апаратынбыз, бірақ кейін бірақ кейін барлығына көмек көрсетілмеген немесе бірнәрсе жетіспейтіндігі туралы өтініштер мен қоңыраулар түсе бастады. Штаб үлгермеген сияқты, қазір біз тізім бойынша, белгілі бір ауылдарға қажет заттарды сатып алып жатырмыз", - деп қосты ол.
Алдын ала болжам бойынша, белсенділер 600-ге жуық адамға көмектескен.
Естеріңізге салайық, 14 қыркүйекте қырғыз-тәжік шекарасында тағы да қарулы қақтығыс болып, 16 қыркүйекте күшейген болатын.
Нәтижесінде қырғыз тарапынан 59 адам қаза тауып, 200-ге жуық адам жарақат алды. Тәжік билігі 41 адамның қайтыс болғанын хабарлады.
Тәжікстан мен Қырғызстан шекарадағы әскери қақтығыс туралы мәлімдеме жасады
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!