17 ақпан 2023 | 21:07

Қазақстандықтар Түркия мен Сирияға 1 миллиард теңгеге жуық қаржы жинады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі 40 мыңнан астам адамның өмірін алып кетті. 100 мыңнан астам адам зардап шегіп, көпшілігі баспанасыз қалды. Қазақстандықтар бұл қиын сәтте байтарап қалмай, зардап шеккендерге гуманитарлық көмек пен қаржы жинап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі 40 мыңнан астам адамның өмірін алып кетті. 100 мыңнан астам адам зардап шегіп, көпшілігі баспанасыз қалды. Қазақстандықтар бұл қиын сәтте байтарап қалмай, зардап шеккендерге гуманитарлық көмек пен қаржы жинап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жер сілкінісінен кейін көп адам елшілік, консулдық, қайырымдылық қорларына хабарласа бастаған. Көңіл айтып, өз көмектерін ұсынған. Kaspi.kz дипломатиялық және қоғамдық ұйымдармен бірге қысқа уақытта ұялы қосымшада қаражатты онлайн жинау мүмкіндігін іске қосты.

Сервисті іске қосу кезінде Kaspi.kz командасы адамдардың көмекті жылдам, қарапайым жолмен, онлайн аударуына және көмектерінің нақты мақсатты жеріне жеткеніне сенімді бола алатынына басымдылық берді.

Бұл сервистің арқасында бір ғана аптаның ішінде қазақстандықтар 1 миллиардқа жуық теңге жинады. Kaspi.kz арқылы көмек жинауға 330 мың қазақстандық қатысты.

Махмут Шевкет Байрам, Түркия Республикасы Астанадағы Елшілігінің коммуникация жөніндегі кеңесшісі:

"Біз Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Үкіметке және барша қазақ халқына қолдауы үшін алғыс айтамыз. Жер сілкінісінен кейін елшілікке зардап шеккендерге көмек жібергісі келетін адамдар хабарласа бастады. Мысалдар көп, тіпті қарт адамдар келіп, Kaspi арқылы көмек қаражатын қалай аударуға болатынын сұрады. Көмек легі толастаған жоқ. Өз қосымшасында онлайн сервисті ұйымдастыруға көмектескені үшін Kaspi.kz-ке рахмет! Тек кеше ғана Түркияға Қазақстаннан 55 тонна гуманитарлық көмек жіберілді. Қазақстан сонымен қатар Түркияға баспанасыз қалған адамдарды орналастыру үшін 84 киіз үй жіберді. Мұның символдық мәні бар. Қиындық бізді біріктірді. Рақмет, Қазақстан!"

Бағдат Анарбаева, Алматы қаласы волонтерлері фронт офисінің жетекшісі:

"Түрік елінде болған қайғылы жағдайдан кейін біз шұғыл түрде Қазақстан бойынша волонтерлық көмек көрсету керек деп шештік. Көптеген адамдар зат, киім алып келді, сонымен қатар ақшалай да көмек көрсеткісі келді. Сондықтан біз еліміздің түкпір-түкпірінен қайырымды адамдар көмек қаражатын аудара алуы үшін бірыңғай шот ашу туралы өтінішпен Kaspi.kz-ке жүгіндік. Біздің өтінішімізге бірден қолдау білдіріп, жылдам іске қосқаны үшін алғыс айтамыз! Бұл біздің жұмысымызды айтарлықтай жеңілдетті. Қаржы жинаудың ашық, шынайы, еш күмәнсіз болуы, Қазақстан бойынша бір жерге жиналғаны зардап шеккендерге үлкен көлемде қаражат жинауға көмегі тиді деп ойлаймын".

Ғазиза Ұзақ, журналист:

"Мен гуманитарлық көмекті жіберу, көмек қаражатты аударудың жолын іздедім. Әлеуметтік желіден ақшаны Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы аударуға болатынын білдім. Өзім қажет деп тапқан соманы аудардым. Одан кейін консулдыққа барып арнайы көңіл айту кітабына жазба қалдырып, гүл қойып, дұға-тілегімді айттым".

Ернұр Мырзалы, Алматы тұрғыны:

"Түркиядағы жағдай туралы әлеуметтік желіден білдім. Бірнеше отандасымыз жоғалып кеткенін де естідім. Оқыған ақпараттарым, жаңалықтар ойымнан кетпеді. Сосын көмек қаражатын аударғанды жөн көрдім. Төлемді Kaspi.kz қосымшасында жасадым. Себебі тұрақты қолданып жүрмін. Барлығы жеп-жеңіл, оп-оңай болды. Жеке банкіме, шотыма, төлемдерге кіріп, Түркияға көмекті басып, оп-оңай, салғым келген соманы аудардым. Барлығы 1 минутта болған жоқ. Содан кейін жүрегіме тыныштық орнағандай болды".

Зардап шеккендерге жекелеген азаматтар ғана емес, қазақстандық қауымдастықтар да көмектесіп жатыр.

Абдухалил Долқунтай, республикалық Ұйғыр этномәдени орталығы төрағасы:

"Біз жер сілкінісі туралы білгеннен кейін шұғыл түрде штабты жинадық. Біздің жігіттер өте тез жұмыс істеп, әлеуметтік желілерде, газетерге ақпарат берді, WhatsApp-та барлық таныстарына хат жазды.Барлық ниет білдірушілер оған өз қайырымдылық көмегін жіберу үшін Kaspi Gold картасын аштық. Қомақты сома тез жиналды - біздің облыстардағы, аудандардағы филиалдарымыз, барлығы үн қосты. Жиналған ақшаны Түркия ТЖМ беруге шешім қабылдадық. Жіберу үшін Kaspi.kz-ке хабарластық. Бізге бір ғана тетікті басу арқылы ақша аудару мүмкіндігін берді. Қаржы жинау әлі де жалғасуда, көмек көрсетуді жалғастырамыз".

Қазақстандықтар Түркия мен Сирияда зілзаладан зардап шеккендерге қорына көмек қаражатын аударуды жалғастырып жатыр. Бұл жақындарынан айырылған жандарға көңіл айтуға мүмкіндік береді және қираған қалалардың тұрғындарына жылу сыйлайды деп үміттенеміз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети