Қазақстанның 12 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның 12 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды Фото: depositphotos.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 5 ақпанда қолайсыз ауа райына байланысты 12 өңірде ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 5 ақпанда қолайсыз ауа райына байланысты 12 өңірде ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлытау облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, күндіз солтүстігінде жаяу бұрқасын. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман. Түнде облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында секундына 15-20 метр болады.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.

Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын. Күндіз жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні - 23-28 м/с.

Ақмола облысында түнде батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде бұрқасын, күндіз көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20, күндіз облыстың батысында, шығысында кей уақыттарда секундына 23 метрге жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Қостанай облысында жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Павлодар облысының батысында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні - 15-20 м/с.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 508.3  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети