Қазақстанның 15 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның 15 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды Фото ©️ Турар Казангапов

Синоптиктер бүгін, 30 қарашада елдің 15 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер бүгін, 30 қарашада елдің 15 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, түнде көктайғақ.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Алматы облысының шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман.

Ақтөбе облысының батысында, орталығында тұман.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Абай облысының батысында, солтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, түнде Жарма ауданында екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың тау асуларында, күндіз солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Шымкентте түнде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың солтүстік-шығысында, орталығында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Атырау облысының шығысында тұман түседі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети