Қазақстанның бірнеше өңірінде жел, үсік, тұманға байланысты ескерту жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның бірнеше өңірінде жел, үсік, тұманға байланысты ескерту жасалды Фото: elements.envato.com

"Қазгидромет" РМК ертең, 3 сәуірде Алматыда және Жетісу, Жамбыл, Алматы облыстарында үсік болады. Синоптиктер тағы бірнеше өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" РМК ертең, 3 сәуірде Алматыда және Жетісу, Жамбыл, Алматы облыстарында үсік болады. Синоптиктер тағы бірнеше өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысында солтүстік-шығыс желі, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі. Түнде 1-6 градус үсік сақталады.

Алматыда 1-3 градус үсік болады.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с. Түнде 2-7 градус үсік сақталады.

Ақтөбе облысының орталығында, шығысында шығыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, орталығында тұман күтіледі.

Ұлытау облысында шығыстан жел соғады, күші 15-20, кей уақытта екпіні 23 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында найзағай ойнап, шаңды дауыл сақталады. Жел шығыстан соғады, күші 15-20, облыстың орталығында екпіні 23 м/с сақталады.

Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады күші 15-20, кей уақытта екпіні 23 м/с күтіледі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, 1-6 градус үсік болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети