Қазақстанның оңтүстігінде әкімдер жерді заңсыз таратқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның оңтүстігінде әкімдер жерді заңсыз таратқан Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Түркістан облысында әкімдік мемлекеттік жерлерді шамамен 2 миллиард теңгеге заңсыз таратқан. Бұл туралы облыстық прокуратураның жер заңнамасының сақталуына арналған алқа отырысында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында әкімдік мемлекеттік жерлерді шамамен 2 миллиард теңгеге заңсыз таратқан. Бұл туралы облыстық прокуратураның жер заңнамасының сақталуына арналған алқа отырысында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжілісте тексеру барысында анықталған заңсыздықтар мен кемшіліктердің себеп салдары талқыланып, жергілікті әкімдер тарапынан жіберілген заңбұзушылықтарға назар аударылды.

Кейінгі 3 жыл ішінде (2023-2025жж.) облыс көлемінде жергілікті атқарушы органдармен 6 мың гектардан аса (құны 1,8 млрд теңге) 190 жер учаскелері заңсыз табысталғаны анықталды.

Бұл ретте, әкімдер жер заңнамасында көзделген конкурс талаптарын айналып өтіп, бау-бақша шаруашылығын жүргізу, жеке қосалқы шаруашылық және қосымша жер табыстау жолымен мемлекет жерлерін заңсыз иеліктен шығарғаны белгілі болды.

Онымен қоса, 400 гектар жерлердің (150 жер учаскесі) нысаналы мақсаты заңсыз кәсіпкерлікке өзгертілген. Бірде бір жағдайда сәулет және қала құрылысы құжаттамаларының талаптары сақталмаған.

Отырыста, заңсыз құрылыстар, жеке тұрғын үй кезектілігі, жерлерді ұтымды пайдалану мәселелері де талқыланды.

Мәжіліс қорытындысымен осы салаға жауапты мемлекеттік органдарға тиісті хаттамалық тапсырмалар беріліп, заң бұзған лауазым иелерінің жауапкершілігін қарау жөнінде ескертілді.

Жер заңнамасының сақталуы облыс прокуратурасының қатаң бақылауында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети