Қазақстанның солтүстігінде екі жүк көлігі соқтығысып, жүргізуші қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның солтүстігінде екі жүк көлігі соқтығысып, жүргізуші қаза тапты Видео кадры

Солтүстік Қазақстан облысында жүк тиелген екі көлік соқтығысып, бір жүргізуші қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Солтүстік Қазақстан облысында жүк тиелген екі көлік соқтығысып, бір жүргізуші қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол апаты 7 наурызда Астана - Петропавл тасжолында, Астраханка мен Чапаев ауылдарының арасында болған.

"MAN маркалы екі жүк көлігі соқтығысты. Салдарынан жүк көліктерінің бірін басқарған 32 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды", - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Қазір полиция соталды тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар, тағы бір жол апаты бойынша да тергеу жүріп жатыр. Бұл оқиғада 60 жастағы жүргізуші қаза болған.

"6 наурызда Солтүстік Қазақстан облысындағы Булаев қаласы маңында Челябі - Жаңасібір автожолында JAC T9 автокөлігі мен JCB экскаватор-тиегіші соқтығысты. Соның салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды", - деп түсіндірді полиция.

Полицейлер жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жол жағдайын ескеруге және көліктің техникалық жарамдылығын бақылауда ұстауға шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети