Қазгидромет алдағы күндері ауа райы қандай болатынын болжады

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазгидромет алдағы күндері ауа райы қандай болатынын болжады Фото © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

Қазгидромет синоптиктері дүйсенбіден бастап алдағы үш күнге - 19, 20 және 21 қаңтарға - арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазгидромет синоптиктері дүйсенбіден бастап алдағы үш күнге - 19, 20 және 21 қаңтарға - арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана

19 қаңтарда елордада ауа райы құбылмалы бұлтты болады, күндіз қар жауып, бұрқасын соғады. Жел оңтүстік-батыстан соғады: түнде 3–8 м/с, күндіз 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде –20…–22°, күндіз –13…–15°.

20 қаңтарда құбылмалы бұлтты, кей уақытта қар жауып, боран соғады. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с. Температура түнде –17…–19°, күндіз –14…–16°.

21 қаңтарда түнде қар жауып, боран болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады: түнде 9–14 м/с, күндіз 3–8 м/с. Түнде –20…–22°, күндіз –15…–17°.

Алматы

19 қаңтарда ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, 2–7 м/с. Температура түнде –13…–15°, күндіз –6…–8°.

20 қаңтарда жауын-шашынсыз, кейде тұман. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Температура түнде –13…–15°, күндіз –3…–5°.

21 қаңтарда да жауын-шашынсыз, кейде тұман болады. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Температура түнде –11…–13°, күндіз –3…–5°.

Шымкент

19 қаңтарда құбылмалы бұлтты, күндіз қар жауып, көктайғақ пен тұман байқалады. Жел солтүстік-шығыстан 5–10 м/с. Температура түнде –5…–7°, күндіз –1°-ден +1°-қа дейін.

20 қаңтарда жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады. Жел солтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Температура түнде –8…–10°, күндіз –2…–4°.

21 қаңтарда күндіз жаңбыр жауады, кей уақытта тұман мен көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Температура түнде –7…–9°, күндіз +3…+5°.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 512.07  course up  595.42  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети