Келіссөздер “Санта-Барбараға“ айналып кетті - Украина президенті Зеленский

ПОДЕЛИТЬСЯ

Келіссөздер “Санта-Барбараға“ айналып кетті - Украина президенті Зеленский Фото:depositphotos.com

Украина президенті Владимир Зеленский келіссөздерді әйгілі "Санта-Барбара" телесериалына ұқсатты. Оның айтуынша, Таяу Шығыста басталған соғысқа байланысты келіссөз тоқырап қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Унианға сілтеме жасап.


Украина президенті Владимир Зеленский келіссөздерді әйгілі "Санта-Барбара" телесериалына ұқсатты. Оның айтуынша, Таяу Шығыста басталған соғысқа байланысты келіссөз тоқырап қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Унианға сілтеме жасап.

"Таяу Шығыстағы соғысқа байланысты бұл келіссөздер Санта-Барбараға айналды. Америкалықтар кездесуге дайын екенін айтты, бірақ тек Америкада кездескісі келеді. Себебі соғыс пен қауіпсіздік жағдайы олардың АҚШ аумағынан шығуына мүмкіндік бермейді", - деді Украина президенті.

Зеленскийдің айтуынша, Украина делегациясы Майами немесе Вашингтонға ұшып баруға дайын екенін растаған. Ал Ресей тарапы АҚШ-қа баруға келіспей, кездесуді Түркия немесе Швейцарияда өткізуді ұсынған. Алайда бұл ұсынысқа америкалықтар келіспеген.

Бұған дейін Украина басшысы қақтығысты реттеу бойынша келіссөздердің жаңа кезеңі Иран төңірегіндегі жағдайға байланысты кейінге шегерілгенін айтқан еді. Ақпаратқа сәйкес, үшжақты келіссөздердің келесі раунды 11 наурызда Ыстамбұлда өтуге тиіс болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 479.02   555.95   6.01 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети