“Кеңес дәуіріндегідей“: Өскемен әкімі қаланы екі ауданға бөлудің шартын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Кеңес дәуіріндегідей“: Өскемен әкімі қаланы екі ауданға бөлудің шартын айтты Фото:depositphotos.com

Өскемен әкімі Алмат Ақышов халықпен есептік кездесуде қалада екі аудан (екі әкімшілік бірлік) құруға тұрғындар саны жөніндегі деректің толық болмауы кедергі болып отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі YK-news.kz-ке сілтеме жасап.


Өскемен әкімі Алмат Ақышов халықпен есептік кездесуде қалада екі аудан (екі әкімшілік бірлік) құруға тұрғындар саны жөніндегі деректің толық болмауы кедергі болып отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

Әкімнің айтуынша, қалада 400 мыңнан аса адам тұрады. Бірақ көптеген тұрғын тіркеуге тұрмағандықтан, ресми статистикада халық саны 380 мың болып көрсетіледі. Бұл құбылыс субурбанизация деп аталады және әлемнің көптеген қаласында кездеседі.

"Егер біз ресми түрде 400 мың межесіне жетсек, қаланы кеңес дәуіріндегідей екі ауданға бөлуге болар еді. Ондай жағдайда қаланың дамуына екі коммуналдық шаруашылық бөлек-бөлек жауап берер еді", - деп түсіндірді әкім.

Ақышов қазір ұзындығы 80 шақырым болатын Өскеменді бір әкім және оның үш орынбасары ғана басқарып отырғанын еске салды.

"Бұл кейде қиын, өздеріңіз де түсінесіздер. Сондықтан енді осы жұмысты қолға аламыз. Тұрғындардың нақты санын анықтаймыз. Егер 400 мыңнан асса, жоғары тұрған басшылыққа қаланы екі ауданға - сол жағалау және оң жағалау болып бөлу туралы ұсыныс енгіземіз", - деді қала әкімі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети