Кентаулық оқушы робототехникадан бірнеше дүркін чемпион атанды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан облысы, Кентау қаласына қарасты Құшата ауылындағы №15 Төрткүл-Төбе жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Жолдас Берік Сағатұлы – халықаралық және республикалық деңгейдегі робототехника чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысы, Кентау қаласына қарасты Құшата ауылындағы №15 Төрткүл-Төбе жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Жолдас Берік Сағатұлы – халықаралық және республикалық деңгейдегі робототехника чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның ғылыми-техникалық жетістіктерге жетуіне информатика пәнінің мұғалімі Хамитов Фаррух жетекшілік еткен. Ауыл мектебінде 2019 жылдан бастап "Робототехника" үйірмесі жұмыс істейді, осы уақыт аралығында Берік өзінің еңбекқорлығы мен ізденімпаздығының арқасында түрлі жарыстарда топ жарып, Кентаудың атын әлемдік аренада танытып келеді.

Жетекшісі Хамитов Фаррух Эрхановичтің айтуынша, Берік ерекше зеректігі мен шығармашылық ойлау қабілетінің арқасында түрлі деңгейдегі сайыстарда көзге түсіп келеді. Ол әрдайым жаңа идеялар іздеп, білімін жетілдіруге талпынады.

"Облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарда сан қырынан танылып жүрген Берік үнемі ізденіс үстінде. Оның жетістіктері – қажырлы еңбек пен талмай еңбектенудің нәтижесі", – дейді ұстазы.

Берік те бұл жетістіктер оңайлықпен келмегенін, әрбір жеңісінің артында күндіз-түні жасаған жұмысы, көптеген тәжірибелер мен есептеулер тұрғанын мақтанышпен жеткізді.

"Ұйқысыз түндер мен қажырлы еңбектің, ізденістің арқасында осындай нәтижеге жеттік", – дейді жетекшісі.

Робототехникаға деген қызығушылығы бала кезінен қалыптасқан Берік осы салада өзін дамытуды мақсат етіп келеді. Ол 2024 жылы өткен халықаралық "Robotek Grand Tournament" және "RED Fest" чемпионаттарында І орынды иеленді.

"Еңбектің ақталғанына қатты қуанамын. Мектепте бұл бағытта барлық жағдай жасалған. Әсіресе, ұстазым мен ата-анамның қолдауы жетістікке жетуге үлкен ықпал етті", – дейді жас өнертапқыш.

Спорттық робототехника чемпионаттарының басты мақсаты – оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығын дамыту. Жарыстарға қатысу барысында оқушылар математика, информатика, физика және геометрия пәндерінен алған білімдерін қолданады. Берік чемпионатқа дайындық кезінде автономды түрде математикалық-логикалық амалдар орындайтын, көпфункционалды жүретін робот жасады. Оның бұл өнертабысы түрлі техникалық сынақтардан сүрінбей өтіп, үздік деп танылды.

Жеңіспен оралған оқушыны мектеп басшылығы мен сыныптастары ерекше құрметпен қарсы алды.

"Берік – жауапкершілігі жоғары, алған бетінен қайтпайтын, үнемі білімін жетілдіруге ұмтылатын оқушы. Ол өзінің қажырлы еңбегінің арқасында мектеп абыройын асқақтатты", – дейді мектеп директоры Шілекей Рүстем Асқарұлы.

Алдағы уақытта Берік адам еңбегін жеңілдететін, автономды жұмыс істейтін роботтар жасауды мақсат етеді.

Жетістіктері:

  • 2024 ж. Халықаралық "Robotek Grand Tournament 2024" – І орын, Астана
  • 2024 ж. Халықаралық "R:ED FEST"– І орын, Астана
  • 2024 ж. Республикалық "RoboZerde-2024" – І орын, Астана
  • 2024 ж. Республикалық "R:ED FEST" – І орын, Астана
  • 2023 ж. Республикалық "KazRoboSport" – І орын, Астана

Берік Сағатұлының жетістіктері – ауыл мектебінде оқи жүріп, үлкен еңбек пен табандылықтың арқасында биік белестерді бағындыруға болатынын дәлелдейтін жарқын мысал. Оның робототехникаға деген құштарлығы, үздіксіз ізденісі мен қажырлы еңбегі оны халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстардың жеңімпазы етті.

Мұндай табыстар жас өнертапқыштың ғана емес, оны тәрбиелеп, бағыт-бағдар берген ұстаздары мен ата-анасының, сондай-ақ, білім ордасының жетістігі. Берік алдағы уақытта да ғылыми-техникалық шығармашылықта өзін дамытып, адам өмірін жеңілдететін, заманауи технологияларға негізделген жобалар жасауды мақсат етіп отыр.Жас ө нертапқыштың бұл жетістігі басқа да ауыл балаларына шабыт беріп, олардың ғылым мен технология саласында өз жолын табуға мүмкіндік ашады деп сенеміз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.11  course up  594.5  course up  6.34  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro