Кейбір қазақстандықтардың жалақысы 50 пайызға өседі

Айжан Калиева
Айжан Калиева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кейбір қазақстандықтардың жалақысы 50 пайызға өседі Фото:depositphotos.com

2025 жылы 25 мыңнан астам қазақстандықтың жалақысы өседі. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің ғылым және инновациялар департаментінің директоры Ләззат Жүсіпова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2025 жылы 25 мыңнан астам қазақстандықтың жалақысы өседі. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің ғылым және инновациялар департаментінің директоры Ләззат Жүсіпова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОКҚ брифингінде Жүсіпова Қазақстанда табиғи монополиялар туралы заңға енгізілген өзгерістерді еске салды. Бұл өзгерістер су шаруашылығы саласы қызметкерлерінің жалақысын арттыруға бағытталған.

"Осы өзгерістердің арқасында 1 шілдеден бастап "Қазсушар" қызметкерлерінің еңбекақысы өсті. Жалпы алғанда, бұл реттелетін сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсететін 25 мыңнан астам қызметкердің жалақысын көтеруге мүмкіндік береді. Аймақтар мен статистикалық деректерге байланысты еңбекақы орта есеппен 35-50 пайызға дейін өседі – бұл электр және жылу энергетикасы саласындағы мамандардың деңгейімен теңестіріледі", – деді Жүсіпова.

Оның айтуынша, бұл су саласындағы кадр тапшылығын азайтып, білікті мамандарды тартуға мүмкіндік береді.

Табиғи монополиялар туралы заңға енгізілген түзетулер биылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

Еске салайық, маусым айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев табиғи монополиялар туралы заңға өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойған болатын. Бұл өзгерістерге сәйкес, су саласы қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы электр және жылу энергетикасы саласы мамандарының жалақы деңгейіне теңестірілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети