Көкжайлауда қар көшкіні жүрді: әлеуметтік желіде видео пайда болды

viewings icon 625 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видео кадры Видео кадры

Алматы іргесіндегі Көкжайлау трассасындағы тау жолында қар көшкіні жүрді. Видео әлеуметтік желілерде пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы іргесіндегі Көкжайлау трассасындағы тау жолында қар көшкіні жүрді. Видео әлеуметтік желілерде пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Instagram желісінде chip_1st қолданушы: "Бұл жай ғана көшкін, ол Үш ағайындыдан түскен болуы мүмкін", - деді.

"Қазселденқорғау" мәліметінше, Көкжайлау трактіндегі қар көшкіні массасының көлемі - шамамен 50 мың текше метр. Ведомство өкілдері бұл күндері тауда серуендеу қауіпті екенін айтты.

21 наурыздан бастап қардың айтарлықтай мөлшеріне байланысты Іле-Алатау тауының беткейлерінде қар көшкіні жүріп жатыр.

Атап айтқанда, 22 наурызда жалпы көлемі 404 400 текше метр болатын 5 қар көшкіні тіркелді. Ең үлкені - Қотырбұлақ өзені алабында 400 мың текше метр.

23 наурызда жалпы көлемі 184 000 текше метр болатын қар көшкінінің 15 оқиғасы тіркелді. Ең үлкені - Түрген шатқалында 45 000 текше метр.

24 наурызда жалпы көлемі 79 300 текше метр болатын 16 қар көшкіні тіркелді. Ең үлкені - Көкжайлау трактінде шамамен 50 000 текше метр.

Бұл ретте мамандар қар көшкіні әлі де жалғасып жатқанын ескертеді. Көшкіндердің басым бөлігі жетуге қиын жерлерде, нысандар мен жолдардан алыс жерде болған. Дегенмен шұғыл жұмыс істейтін механикаландырылған жасақтар кезекшілікте.

"Қар көшкіні қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында "Қазселденқорғау" ММ ұсынымдары бойынша қауіпті аймақтарға тұрғындар мен демалушылардың кіруіне шектеу қою үшін бақылау-өткізу бекеттері орнатылды, хабарламалар мен ұсыныстар берілді, "Қар көшкінінен сақтан!" брошюралары таратылды. Қауіпті аймақтарды тексеру жүргізілді. Мұндай қар көшкінінде қалған адамдарды құтқару мүмкіндігі шамалы", - деп ескертті Қазселденқорғау.

Мамандар алматылықтар мен қала қонақтарына алдағы күндері таулы аймақтарда жаяу серуендеуден бас тартуға кеңес береді. Қар көшкіні қаупінің жоғары деңгейі сақталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы
16°C Бүгін алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю