Көкшетауда қарлы дауыл кезінде үш автобус аялдамасы құлап қалған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Көкшетау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі Көкшетау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Көкшетауда кешегі қарлы дауыл кезінде үш бірдей автобус аялдамасы құлап, бірнеше ірі ғимараттардың шатырын жұлып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Көкшетауда кешегі қарлы дауыл кезінде үш бірдей автобус аялдамасы құлап, бірнеше ірі ғимараттардың шатырын жұлып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көкшетауда ауа райының күрт бұзылып, жаңбырдың арты қарлы боранға ұласуының салдарынан бірнеше автобус аялдамалары құлап, ғимараттардың шатыры ұшып кеткен.

"Көкшетауда 18 қараша күні кешкісін дауыл кезінде үш бірдей аялдама құлап қалды. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Қала тұрғындарын сабырлылық сақтауға шақырамыз", - деді Көкшетау қаласы әкімдігінен.

Облыс аумағында дауылдан болған залал мен келтірілген шығындарды анықтау мақсатында Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментімен тілдесіп көрдік. Ведомствоның мәліметінше облыс орталығында 20 метр секунд жылдамдықтан аса соққан дауылдың салдарынан бірнеше ғимаратқа ірі көлемде зақым келген.

"Көкшетауда төрт қабатты "Орталық әмбебап дүкен" сауда үйінің шатырын жұлып кетті. Мұнымен қоса "Ұрпақ" ЖШС-нің жалпы аумағы 170 шаршы метр болатын шатыры ұшқан. Жалпы аумағы 340 шаршы метрді алып жатқан ғимарат 1982 жылы салынған екен. Профилді парақтан салынған шатыр ағашқа қағылған. Абырой болғанда зардап шеккендер мен құрбан болғандар болған жоқ.
Қазіргі уақытта облыс бойынша деректер жинастырылуда.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course down  583.17  course down  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro