Көкшетаулық зейнеткердің қолды болған миллиондары Түркістаннан табылды

Айжан Калиева
Айжан Калиева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көкшетаулық зейнеткердің қолды болған миллиондары Түркістаннан табылды Фото:depositphotos.com

Көкшетауда тұратын егде жастағы әйелдің үйінен миллиондаған теңге мен рубль жоғалып кеткен. Күдікті Түркістан қаласынан ұсталды,, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көкшетауда тұратын егде жастағы әйелдің үйінен миллиондаған теңге мен рубль жоғалып кеткен. Күдікті Түркістан қаласынан ұсталды,, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ірі көлемдегі пәтер ұрлығына қатысты толық ақпарат берді. Қылмыс биылғы жылдың 28 шілдесінде Көкшетауда орын алған.

"69 жастағы жәбірленушінің айтуынша, бейтаныс әйел оның жеке үйіне кіріп, ақшасын ұрлап кеткен. Ұрланған қаржы көлемі – 1 700 000 теңге және 2 800 000 ресей рублі. Жалпы шығын көлемі шамамен 20 миллион 700 мың теңгені құрайды", – делінген департамент хабарламасында.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмысты ашу және күдіктіні ұстау үшін арнайы жедел тергеу топтары құрылып, елдің бірнеше өңірінде іздестіру шаралары жүргізілген.

Нәтижесінде Түркістан қаласынан 41 жастағы күдікті әйел анықталып, ұсталды. Тінту барысында зейнеткерге тиесілі ақша айғақты зат ретінде тәркіленді. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети