Қазақстан қалаларында көшеде, үй кіреберісінде және балалар ойнайтын алаңдарда қолданылған маскалардың жатқанын көреміз. Тұрғындар оны қоқыс жәшігіне дейін жеткізбейді. Мұндай немқұрайлық - қауіпті. Неліктен қауіпті екенін Миркобиология және вирусология институты Вирусқа қарсы қорғану лабораториясының меңгерушісі Андрей Богоявленский және әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ Экология проблемаларын ғылыми-зерттеу институтының директоры Айжан Ысқақова айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көшеде жатқан маскалар түрлі ауруды, соның ішінде коронавирусты да тарата алады.
"Коронавирус инфекциясы негізінен ауа-тамшы арқылы жұғады. Науқас маска тағып жүріп, жөтеледі, түшкіреді, содан соң оны көшеге лақтырады. Оған жиналған вирус белгілі бір уақыт бойы қауіпті болады. Содан соң барлығы құрғайды және ауаға тарайды. Міне, содан кейін ауаға тараған шаң-тозаң басқа адамға вирус жұқтырады. Ықтималдығы төмен, бірақ қауіп бар", - деп түсіндірді Андрей Богоявленский.
Сондай-ақ, маман медициналық маскаларда вирустың қанша уақыт бойы "тірі" болатынын айтты.
"Бүгінде бұл сұрақтың нақты жауабы жоқ. Бірақ біз маскада вирус 30 сағаттан астам уақыт бойы сақталатынын болжаймыз", - деді ол.
Вирусолог қолданған масканы полиэтилен пакетке салып, қоқыс жәшігіне тастауға кеңес берді.
"Тазалыққа жауап беретін коммуналдық қызмет мамандары арнайы киім киеді. Олардың маскасы, халаты және қолғабы бар. Сондықтан олар жерде жатқан масканы алып, қоқыс жәшігіне тастай алады. Ал адамдардан жауапкершілік танытып, қолданылған масканы әр жерге тастамауды сұрағым келеді", - деді вирусқа қарсы қорғану лабораториясының меңгерушісі.
Сонымен қатар әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ Экология проблемаларын ғылыми-зерттеу институтының директоры Айжан Ысқақова маскалардың қанша уақыт бойы тозбайтынын айтты.
"Егер спанбондтан (арнайы материалдан) дайындалған медициналық маскалар туралы айтсақ, олар далада ультракүлгіннің әсерінен бір жылға дейін, ал күннен жабық жерде 3 жылдан 5 жылға дейін сақталады. Негізінде, оларды медициналық қалдық сияқты кәдеге жарату керек. Ал, көшеде, парктерде жатқан маскалар жалпы қоқыспен бірге полигонға апарылып, барлық қалдықпен бірге кәдеге жаратылуы мүмкін. Оның үстіне, тасталған маскалар кез келген жерде жатып, потенциалды қауіпті болып келеді", - деді Айжан Ысқақова.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!