Көліктегі SOS түймесі: 2028 жылдан бастап жаңа талаптар енгізіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көліктегі SOS түймесі: 2028 жылдан бастап жаңа талаптар енгізіледі Фото:depositphotos.com

Қазақстанда көліктерге SOS түймесін орнату жиі талқыланып жүр. Бұл жай ғана жаңа "фишка" емес, шынымен пайдалы құрылғы: апат немесе өзге төтенше жағдайда бір батырмамен жедел қызметтерді шақырып, көліктің нақты координаттарын жіберуге мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда көліктерге SOS түймесін орнату жиі талқыланып жүр. Бұл жай ғана жаңа "фишка" емес, шынымен пайдалы құрылғы: апат немесе өзге төтенше жағдайда бір батырмамен жедел қызметтерді шақырып, көліктің нақты координаттарын жіберуге мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қашан міндеттеледі?

Еуразиялық экономикалық комиссияның техникалық регламентіне сай M және N санатындағы барлық көлік жедел шақыру жүйесімен жабдықталуға тиіс.

Анықтама: M санаты - жолаушы тасымалдауға арналған көліктер. N санаты - жүк тасымалдауға арналған көліктер.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің дерегінше, 2028 жылдан бастап мұндай жүйесі жоқ көліктер өндірілген елінен тыс жерде тіркелмейді.

Бағасы қанша?

SOS түймесін орнату және сертификаттау арзан емес - кейде кедендік рәсімдеудің құнының төрттен біріне дейін барады. Сондықтан сатып аларда қауіпсіздікпен қоса, бюджетті де ескерген дұрыс.

Кімге қазір-ақ орнатқан жөн?

Жедел шақыру жүйесі бойынша маман Алан Ерсаин қаладан тыс жүретіндерге немесе қауіпсіздік жүйелері ескірген көлігі барларға SOS түймесін қазір орнатуға кеңес береді. Қалғандары талап міндетті болғанын күте алады.

Еске салайық, бұған дейін Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ЕАЭО аумағындағы көліктерді әкелу, тіркеу және электрон төлқұжаттарға қатысты қағидалардың қалай жұмыс істейтінін түсіндірген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети