Комиде 88 жолаушысы бар ұшақ апат жағдайында қонды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Комиде 88 жолаушысы бар ұшақ апат жағдайында қонды © Telegram/Baza

UTair әуекомпаниясының ұшағы Ресейдің Усинск қаласының әуежайының ұшу-қону жолағында қонатын сәтте артқы бөлігі жерге тиіп кеткен, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

UTair әуекомпаниясының ұшағы Ресейдің Усинск қаласының әуежайының ұшу-қону жолағында қонатын сәтте артқы бөлігі жерге тиіп кеткен, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Усинск әуежайына қонатын сәтте ұшақтың шассиінде ақау пайда болып, артқы бөлігі ҰҚЖ-ға соғысқан. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға орнында зардап шеккендер жоқ", - деді Коми Республикасының жедел қызметінің өкілі. 

Оның айтуынша, әуе кемесінің бортында 94 адам, оның ішінде алты экипаж мүшесі болған.

Росавиация мәліметінше, Коми Республикасында апат жағдайында қонған ұшақтың шассиінде қиындықтар болған. "Шассидегі қиындықтар. Ұшақ ұшып-қону жолағының аумағында тоқтады. Экипаж бен жолаушылар зардап шекпеді, штаттық түрде әуе кемесінен түсірілді", - деді Росавиация өкілдері. 

Baza Telegram-каналынан

Mash Telegram-каналынан 

Ондағылар әуе кемесіне қаншалықты заөым келгенін тексеріп жатқанын айтты. Ведомство өкілдері Вoeing 737-500 лайнері Мәскеу - Усинск бойынша ұшқанын айтты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети