Комиссия мүшелері Конституциядағы теңгеге қатысты ұсынысты қолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Комиссия мүшелері Конституциядағы теңгеге қатысты ұсынысты қолдады Фото:depositphotos.com

Конституциялық комиссия мүшелері теңгені ұлттық валюта ретінде Конституция деңгейінде бекіту туралы ұсынысты қолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Конституциялық комиссия мүшелері теңгені ұлттық валюта ретінде Конституция деңгейінде бекіту туралы ұсынысты қолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Конституциялық комиссияның тоғызыншы отырысында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов мәлімдеп, жобада ұлттық валютаның мәртебесі қалай нақтыланатынын түсіндірді.

Оның айтуынша, теңгені конституциялық тұрғыда бекіту ұсынысын іске асыру аясында жоба Конституциясының 2-бабы 6-тармақпен толықтырылған.

"Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы (ақша бірлігі) – теңге. Теңгені эмиссиялауға айрықша құқық Қазақстан Республикасына тиесілі"- деп көрсетілген жобада.

Нұрмұханов бұл бастама бұған дейін комиссия отырыстарында Айдарбек Қожаназаров пен Нұртай Сәбилянов тарапынан талқыланғанын, сондай-ақ азаматтардың өтініш-ұсыныстарында да көтерілгенін айтты.

Бұған дейін комиссияның жетінші отырысында Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев жаңа Конституция жобасында "мәңгілік билікке" жол берілмейтінін мәлімдеген еді. Оның сөзінше, жоба елдегі жоғары лауазымдарға қатысты негізгі шектеулерді бекітіп, биліктің бір қолға шоғырлануына тосқауыл қояды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 494.65  course up  583.73  course up  6.41  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети