Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар

Конор Макгрегорды көлік қағып кетті 28 қаңтар 2023, 12:18

Әйгілі спортшы Конор Макгрегорды көлік қағып кеткен. Бұл ол туралы instagram-дағы парақшасында мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Фото: Instagram/thenotoriousmma Фото: Instagram/thenotoriousmma

Әйгілі спортшы Конор Макгрегорды көлік қағып кеткен. Бұл ол туралы instagram-дағы парақшасында мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Conor McGregor Official (@thenotoriousmma)

"Қазір ғана арттан келген көлік мені жоғары жылдамдықпен қағып кетті. Жүргізушінің кінәсі жоқ. Күн сәулесіне көзі шағылғаннан алдында адам бар екенін көрмей қалған. Құдайға шүкір, менің уақытым әлі келмепті. Құлауды үйреткен күрес пен дзюдоға да рахмет. Ол менің өмірімді сақтап қалды", - деп жазды ол.

Айта кетейік, Конор Энтони МакГрегор - ирландиялық аралас жекпе-жек шебері, ол кәсіпқой бокста да бағын сынаған. "UFC" демеушілігімен жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен. Екі салмақ бойынша экс- UFC чемпионы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram