Конституция бойынша референдум: қашан және сағат нешеде өтеді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Конституция бойынша референдум: қашан және сағат нешеде өтеді? Фото © Tengrinews.kz / Алина Шашкина

Орталық референдум комиссиясы (Орталық сайлау комиссиясы) Қазақстанда Конституция бойынша республикалық референдум өткізудің негізгі кезеңдері туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Орталық референдум комиссиясы (Орталық сайлау комиссиясы) Қазақстанда Конституция бойынша республикалық референдум өткізудің негізгі кезеңдері туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман дауыс беру биыл 15 наурызда өтетінін еске салды.

"Дауыс беру 15 наурызда сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Орталық референдум комиссиясының референдум қорытындысы туралы ресми хабарламасы дауыс беру өткізілген күннен бастап 7 күннен кешіктірілмей, яғни 21 наурызға дейін БАҚ-та жарияланады", - деді ол комиссия отырысында.

Референдумға дайындық науқанының ұзақтығы - тағайындалған күннен бастап дауыс беру күніне дейін 32 күн. Әкімдіктер дауыс беру күні тағайындалғаннан кейін бірден дауыс беретін дауыс берушілердің тізімін жасай бастайды.

Дауыс беретін күнге 20 күн қалғанда, яғни 22 ақпанда тиісті әкімнің қолы қойылған тізімдер референдум учаскесіне және электрон түрде Орталық референдум комиссиясына беріледі.

Дауыс беру күніне 15 күн қалғанда, яғни 27 ақпаннан бастап азаматтар учаскелердегі тізімдермен таныстырылады.

Учаскелік референдум комиссиясы дауыс беру күніне дейін 10 күннен кешіктірмей, яғни 4 наурызға дейін азаматтарға дауыс беру орны мен уақыты туралы хабарлайды.

14 наурыз - тыныштық күні.

Референдум қашан өтеді?

Еске салайық, 2026 жылы 11 ақпанда Конституциялық комиссия Мемлекет басшысына жаңа Конституцияның қорытынды жобасын ұсынды.

Кейін Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы жарлыққа қол қойды.

2026 жылы 12 ақпанда жаңа Конституция жобасы жарияланды. Жаңа Конституция референдумда қабылданған жағдайда 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Бұл туралы жаңа Конституция жобасында айтылған.

Референдум - азаматтардың ең маңызды мемлекеттік, өңірлік немесе жергілікті мәселелер бойынша тікелей ерік білдіру нысаны (жалпыхалықтық дауыс беру). Референдум арқылы заңдар қабылданады, Конституцияға өзгерістер енгізіледі немесе шешуші саяси мәселелер қаралады. Әдетте референдумда қабылданған шешімдердің күші міндетті болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 494.51  course up  588.11  course up  6.42  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети