Қосшыдағы қайғылы жағдай: бес жасар бала Есілге батып кетті

Айжан Калиева
Айжан Калиева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қосшыдағы қайғылы жағдай: бес жасар бала Есілге батып кетті Фото:depositphotos.com

Ақмола облысы Қосшы қаласында бес жасар бала суға батып қайтыс болды. Бұл жайт бойынша полиция сараптама тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысы Қосшы қаласында бес жасар бала суға батып қайтыс болды. Бұл жайт бойынша полиция сараптама тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 3 тамызда Есіл өзенінде болған. Бала денесін судан туыстары алып шыққан. Өкінішке қарай, оны аман алып қалу мүмкін болмады.

"Қосшы қалалық полиция бөлімі бұл фактіні сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеді. Сараптама тағайындалды", – деп мәлімдеді Ақмола облыстық полиция департаменті.

Ведомство ата-аналарға балаларды қадағалаудың маңыздылығын ескертті – бірнеше секундтық бейқамдықтың өзі орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін. Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе маңындағы Ілек өзенінде 14 жастағы жасөспірім де суға батып кеткен еді.


Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 511.47  course up  605.47  course up  6.56  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети