Қостанай облысындағы жиһаз цехында ірі көлемде есірткі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысындағы жиһаз цехында ірі көлемде есірткі табылды Фото: polisia.kz

Қостанай облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында қызметтік итті пайдалана отырып, жиһаз цехында жасыл түсті заттарды сақтаған 38 жастағы ер адамды анықтап, ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұнда ол жеке кәсіпкер бола отырып, тапсырыс бойынша жиһаз өндірумен айналысқан.

Сараптама көрсеткендей, тәркіленген заттар 600 грамм гашиш және 500 грамм марихуана болып шықты. Айта кету керек, бұл өте ірі көлемге жатады. Бұл факт бойынша полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Есірткінің аса ірі партиясын өткізу мақсатында заңсыз сақтағаны үшін күдіктінің мүлкі тәркіленіп, ол 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course up  594.97  course up  6.53  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети