Қостанай облысының бұрынғы басшысы Кенжебек Укин қайтыс болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Instagram @qumaraqsaqalov Instagram @qumaraqsaqalov

Белгілі мемлекет қайраткері Кенжебек Укин 85 жасында қайтыс болды. 90-жылдардың басында ол Қостанай облыстық әкімшілігінің басшысы болды. Шенеуніктің қайтыс болғаны туралы Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Белгілі мемлекет қайраткері Кенжебек Укин 85 жасында қайтыс болды. 90-жылдардың басында ол Қостанай облыстық әкімшілігінің басшысы болды. Шенеуніктің қайтыс болғаны туралы Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкім Кенжебек Укиннің туғандары мен жақындарына көңіл айтты.

"Кенжебек Укиннің Укиннің өмірден озғаны туралы суық хабарды зор күйзеліспен қабылдадық. Ол елдің дамуына үлкен үлес қосқан абыройлы мемлекет және қоғам қайраткері болды. Кенжебек Укинович еңбек жолын мұғалімдіктен бастап, облыс әкімшілігінің басшысына дейінгі ұзақ жолды жүріп өтті. Ол әсіресе Қазақстанның тәуелсіздігін қалыптастыру жылдарындағы қиын кезеңдерде ерен еңбегімен танылды.

Марқұмның отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Оның еңбегі мен парасаты болашақ ұрпаққа әрдайым үлгі болып қалады. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын", – деп жазды Құмар Ақсақалов инстаграм-парақшасында.

Кенжебек Укин – 1940 жылы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қойтас ауылында дүниеге келген. Кеңестік және қазақстандық партия қызметкері, мемлекеттік қызмет ардагері, қоғам қайраткері. Қостанай облысының Құрметті азаматы.

90-жылдардың басында Қазақстан Компартиясы Торғай облыстық комитетінің бірінші хатшысы және халық депутаттары Торғай облыстық кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды. 1992-1993 жылдары Қостанай облыстық әкімшілігінің басшысы болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course down  583.17  course down  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro