Қостанайда украин мұғалімі қазақ тілінен сабақ береді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© 24.kz © 24.kz

Қостанайдағы гимназиялардың бірінде ұлты украин Дмитрий Ромащенко қазақ тілінен сабақ береді. Ол түпнұсқадан Мұқағали Мақатаев пен Ахмет Байтұрсынов шығармаларын оқиды, әсіресе, Абай шығармаларына қатты құмар. Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасының сюжетінде айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қостанайдағы гимназиялардың бірінде ұлты украин Дмитрий Ромащенко қазақ тілінен сабақ береді. Ол түпнұсқадан Мұқағали Мақатаев пен Ахмет Байтұрсынов шығармаларын оқиды, әсіресе, Абай шығармаларына қатты құмар. Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасының сюжетінде айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дмитрий Қостанай облысының Ресеймен шекаралас ауданында дүниеге келген. Орыс мектебінде оқыса да, қазақ тілін бала кезінен жақсы көреді.

"Маған қазақ тілі мектептегі ең қызық пән болды. Мен мұғалім болатынымды білетінмін. Бірақ қазақ тілі мұғалімі болатыныма ешқашан күмән болған емес. Бұл өте қиын жол болды әрі бұл - менің сүйікті ісім. Мен онымен айналыса беремін", - дейді Горький атындағы мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Ол Қостанайда үш жылдан бері жұмыс істейді. Оның сабақтарында оқушылар өздерін жайлы сезінеді.

"Ол - өте ақылды, жақсы, әділ адам. Сабақ кезінде әзілдер айтады. Өз пәніне байсалдылықпен әрі асқан жауапкершілікпен қарайды. Үй тапсырмасын орындамағандарды ұнатпайды", - деді сегізінші сынып оқушысы Әлібек Жақсылықов.

Дмитрий - гимназиядағы жалғыз ер адам.

"Гимназияның басқа мұғалімдері сияқты, ол да 25 сағат алады. Бұл - қазір оған бере алатын ең көп сағат. Өз жұмысын жақсы істеп жатыр, орта сыныптарға сабақ береді", - деді мектеп-гимназия директорының орынбасары Орынкүл Баяхметова.

Ол қазақ тілін білу таңғаларлық нәрсе деп санамайды. Оның айтуынша, бұл - әрбір қазақстандықтың борышы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro