"Крокус Сити Холлға" шабуылдан бір сағат бұрын: Пикник тобының дайындық кезіндегі кадрлары пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Крокус Сити Холлға" шабуылдан бір сағат бұрын: Пикник тобының дайындық кезіндегі кадрлары пайда болды Видео кадры

Желіде Крокус Сити Холлдағы терактіден бір сағат бұрын Пикник тобының дайындық кезінде түсірілген видео пайда болды. Видеоның үзіндісін Mash Telegram-арнасы жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Крокус Сити Холлдағы терактіден бір сағат бұрын Пикник тобының дайындық кезінде түсірілген видео пайда болды. Видеоның үзіндісін Mash Telegram-арнасы жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дайындық сағат 17:00-де басталған. Музыканттар дыбыс пен жабдықты тексеріп, кейін киім ауыстыратын бөлмеге кірген. Сол жерде олар атыс пен айғайдың дыбысын естіді. Топтың солистері мен қызметкерлері авариялық шығу арқылы эвакуацияланды. Қайғылы оқиғадан кейін рок-топтың өкілдері қаза тапқандардың отбасыларына қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Бұған дейін Crocus City Hall-да болған теракт салдарынан Пикник тобының мүшесі Екатерина Кушнер қайтыс болғаны белгілі болған.

Еске салайық, 23 наурызға қараған түні Ресейлік Telegram-арналар мен БАҚ-та Мәскеуде теракт болғаны туралы ақпарат тарады. Атыс кезінде ғимаратта 6200-ге дейін адам болуы мүмкін – сол күні болуы керек концертке билеттер түгелге жуық сатылып кеткен. Соңғы мәліметтер бойынша, 133 адам қаза тауып, тағы 140 адам жараланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети