КТК-ға дрондар тағы шабуыл жасады: Қазақстан мұнайы қалай жеткізіліп жатыр?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Еgemen.kz Еgemen.kz

Ресейдің Краснодар өлкесінде орналасқан Каспий құбыр консорциумының (КТК) ең ірі мұнай айдау станциясы – "Кропоткинская" дрондар шабуылына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ресейдің Краснодар өлкесінде орналасқан Каспий құбыр консорциумының (КТК) ең ірі мұнай айдау станциясы – "Кропоткинская" дрондар шабуылына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл оқиға 24 наурызда, түнгі сағат екі шамасында орын алған.

"Ресейдің әуе қорғаныс жүйесі украиналық соққы дронын халықаралық энергетикалық инфрақұрылым нысанынан 7 шақырым қашықтықта ұстап, оның бөлшектері "Кавказская" теміржол станциясы маңына түсті", – деп хабарлады Ресей Қорғаныс министрлігі.

Алайда Қазақстанның Энергетика министрлігі КТК-ның қазақстандық мұнайды қабылдауы шектеусіз жалғасып жатқанын мәлімдеді.

"КТК Қазақстан мұнайын ешқандай шектеусіз қабылдап жатыр", – деп хабарлады ведомство.

Еске сала кетейік, "Кропоткинская" станциясы бұған дейін 17 ақпанда дрон шабуылына ұшыраған болатын. Ол кезде нысан жөндеу жұмыстары үшін уақытша тоқтатылған еді.

Сонымен қатар, Украина Ресей тарапынан атылған 99 дронның жартысынан көбін жойғанын мәлімдеді. Шабуылдың салдарынан Киев, Харьков, Сумы, Кировоград және Запорожье облыстары зардап шеккен.

"Таңғы 8:00-дегі жағдай бойынша, 57 "Shahed" үлгісіндегі соққы дроны (және басқа түрлері) елдің оңтүстігінде, солтүстігінде, батысы мен орталығында жойылды. Тағы 36 жау дроны радардан жоғалып, қауіп төндірмеді", – делінген мәліметте.

Ресми ақпаратқа сәйкес, дрондар Миллерово, Курск және Приморско-Ахтарск қалаларынан ұшырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro