“Құжаттарды дайындап қойыңыздар“: ҰАТ қазақстандықтарға ескерту жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Құжаттарды дайындап қойыңыздар“: ҰАТ қазақстандықтарға ескерту жасады Фото:depositphotos.com

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Ұлттық ақпараттық технологиялар" қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Техникалық жұмыстар

Компания өз сервистері мен жобаларын жақсарту бағытында тұрақты түрде жұмыс жүргізетінін мәлімдеді. Осы жаңартулар аясында техникалық жұмыстар жүйелі түрде өткізіліп тұрады.

"Осыған байланысты 14 ақпанда сағат 21:00-ден 15 ақпанда 08:00-ге дейін АО "ҰАТ" сүйемелдейтін жобалардың аз уақытқа қолжетімсіз болуы мүмкін. Ықтимал қолайсыздықтардың алдын алу үшін барлық қажетті операцияны алдын ала аяқтауды және көрсетілген кезеңде қажет болуы мүмкін болса, құжаттардың түпнұсқаларын дайындап қоюды ұсынамыз", - делінген хабарламада.

Компанияның баспасөз қызметі техникалық жұмыстар кезеңінде цифрлық құжаттар 00:00-ден 02:00-ге дейін ішінара қолжетімсіз болуы мүмкін екенін нақтылады.

Сонымен қатар, 21:00-ден 00:00-ге дейін электрон цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу кезінде шектеулер болуы ықтимал.

Ал eGov порталы қалыпты режимде жұмыс істейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 495.73  course up  589.53  course up  6.42  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети