“Құқығы жоқ“ - Сауда министрлігі “Қайрат“ - “Реал“ ойынына сатылатын билеттерге қатысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Құқығы жоқ“ - Сауда министрлігі “Қайрат“ - “Реал“ ойынына сатылатын билеттерге қатысты instagram.com/f.c.kairat/depositphotos/Musiu0

Сауда және интеграция министрлігі "Қайрат" - "Реал" ойынына билеттерді сату саясатына араласа алмайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сауда және интеграция министрлігі "Қайрат" - "Реал" ойынына билеттерді сату саясатына араласа алмайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде "Қайрат" - "Реал" матчына билеттер тек басқа Чемпиондар лигасы матчтарының билеттерімен бірге, яғни бір пакет түрінде ғана сатылады деген расталмаған ақпарат тараған болатын.

"Белгілі бір матчқа билеттерді басқа ойындармен бірге бір пакетте сату тұтынушы құқығын шектейтін шарт болуы мүмкін. Бұл дерек бойынша жеке немесе заңды тұлғаның өтініші түскен жағдайда Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы талаптарына сәйкес тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қолданыстағы заңнаманы бұзу деректерін анықтау мақсатында жоспардан тыс тексеру жүргізілуі мүмкін", - деп мәлімдеді министрлік.

"Қайрат" - "Реал" матчына билеттер тек басқа ойындармен бірге пакет түрінде сату Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу ма?

"Сіздің қойған сұрағыңыз Қазақстан Республикасының Тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңның 8-1-бабы талаптарына сәйкес тұтынушының құқықтарын шектейтін дерек ретінде қаралуы мүмкін", - деп нақтылады ведомство.

Егер "Реалмен" ойын билеттері тек жоғарыда сипатталған схема бойынша сатылатын болса, клубқа қандай жаза қолданылады?

"Егер Тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңның 8-1-бабы талаптарын бұзу дерегі анықталса, әкімшілік жауапкершілік қарастырылмаған, алайда жоспардан тыс тексеру нәтижесі бойынша бақылау субъектісіне анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріледі.

Ал егер мемлекеттік органның нұсқамасы орындалмаса, ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бұл кәсіпкерлік субъектілеріне олардың санатына қарай айыппұл салуға әкеледі", - деп атап өтті министрлік.

Сонымен қатар, ведомство клубқа тікелей әсер ете алмайтынын айтты.

"ҚР Сауда және интеграция министрлігі, сондай-ақ оның аумақтық бөлімшелері (сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаменттері) тұтынушының ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабына және Тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңға сәйкес жолданған ресми өтінішінсіз кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне араласуға құқығы жоқ. Өтініш түскен жағдайда уәкілетті орган кәсіпкерлік субъектісіне ықпал ету шараларын қолдануға құқылы", - деді министрлік.

Айта кетейік, бұған дейін "Қайрат" ресми түрде мәлімдеме жасап, "Реалға" қарсы матч билеттері пакетсіз де сатылатынын және сатылым басталу күнін, сондай-ақ бағаларды жариялаған болатын.

"Қайрат" - "Реал" ойынына билеттер туралы ақпарат

Алматылық клубтың, соның ішінде мадридтік "Реалмен" өтетін матчтарына билеттерді сату 23 қыркүйекте сағат 17:00-де басталады. Бағасы: 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейін.

Сонымен қатар, алыпсатарлыққа қарсы күрес мақсатында бір адамға екі билeттен артық сатылмайды.

Ойын 30 қыркүйекте Алматыдағы "Орталық" стадионда өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети