Құмар Ақсақалов орынбасарының ұсталуына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құмар Ақсақалов орынбасарының ұсталуына қатысты пікір білдірді Қостанай облысы әкімдігі

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов орынбасары Гүлбарам Мұсағазинаның ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ТоболИнфо" басылымына сілтеме жасап.


Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов орынбасары Гүлбарам Мұсағазинаның ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ТоболИнфо" басылымына сілтеме жасап.

Құмар Ақсақаловтың айтуынша, Гүлбарам Мұсағазина 11 ақпанда жазған өтініші негізінде қызметінен босатылған.

"Гүлбарам Мұсағазинаға қатысты соталды тергеп-тексеру басталғаны туралы ақпарат тарады. Қазір тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдар тергеу барысына араласуға және оған баға беруге құқылы емес. Барлық мән-жайдың объективті әрі жан-жақты қаралатынына сенемін", - деді Қостанай облысының әкімі.

Бұған дейін ҰҚК Қостанай облысы әкімінің орынбасары ұсталғанын растаған болатын. Ведомство сотады тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

Айта кетейік, Гүлбарам Мұсағазина Қостанай облысы әкімінің орынбасары қызметіне 2024 жылғы шілдеде тағайындалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 490.04  course up  582.69  course up  6.4  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети