Курил аралдарының маңында жер сілкінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Курил аралдарының маңында жер сілкінді earthquakes.volcanodiscovery.com

Курил аралдарының маңында жойқын жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Курил аралдарының маңында жойқын жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жерасты дүмпулері 3 тамызда 05:37-де (Астана уақытымен 11:37-де) тіркелді. Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, зілзаланың магнитудасы 6,8-ге жеткен.

Сейсмикалық оқиға Ресейдің Камчатка өлкесіндегі Петропавл-Камчатский қаласынан шамамен 270 шақырым оңтүстікте және Сахалин облысындағы Солтүстік-Курильск елді мекенінен 115 шақырым шығыста болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, қирау немесе зардап шеккендер туралы ақпарат тіркелген жоқ. Цунами қаупі жарияланбады.

Айта кетейік, 30 шілдеде Камчаткада 8,8 магнитудалы жер сілкінісі болған. АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметіне сүйенсек, бұл дүмпу аспаптық бақылаулар жүргізіле бастаған уақыттан бері тіркелген ең қуатты алты зілзаланың қатарына кіреді. Ол 2010 жылғы Чилидегі және 1906 жылы Эквадор мен Колумбия арасындағы жер сілкіністерімен қатар тұр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети