Алматы облысында құрылысшының бетон араластырғышта аяғы қысылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы облысында құрылысшының бетон араластырғышта аяғы қысылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
35 жастағы жұмысшы құмды тиеп жатқанда сүрініп, салдарынан оң аяғы бетон араластырғышта қысылып қалған.
Республикалық жедел-құтқару жасағының 5 құтқарушыдан құрылған жедел тобы мен Қонаев қаласы жедел-құтқару жасағының 4 құтқарушысы дереу оқиға орнына барды.
Оқыс оқиға Іле ауданындағы Гейт Сити ықшам ауданында болған. Құтқарушылар "болгарканың" көмегімен зардап шеккен ер адамның қысылып қалған аяғын шығарды, оның аяғы сынып кеткен екен.
Ер адамды жедел жәрдем бригадасы бірден ауруханаға алып кетті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!