Әлеуметтік желіде қазақстандық қыз Балқаштағы су аттракционында болған оқиғаны баяндады. Айтуынша, қызметкерлердің салғырттығы салдарынан өзі мен әпкелері суға батып кете жаздаған. Оқиғаға Қарағанды облысының полиция департаменті пікір білдірді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарағанды облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 8 тамызда болған. Сол күні оларға 24 жастағы Астана тұрғыны қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсетілгені жөнінде арызданған.
"Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысы бар барлық адамдар анықталып, жауап алынды. Болған жайттың барлық мән-жайын анықтау, құқық бұзушылыққа ықпал еткен себептер мен жағдайларды белгілеу және кінәлілерді заң аясында қатаң жауапкершілікке тарту үшін толық көлемде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ Қарағанды облысы ПД мұндай азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін заңбұзушылықтар болашақта да қатаң түрде тоқтатылатынын және барлық кінәлілер жазаланатынын атап өтті.
Оқыс оқиғадан кейін жағада демалушылар мен қыздардың бауырлары жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін шақырған. Үш қыз "аспирациялық пневмония" диагнозымен ауруханаға жеткізілген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!