Қырғызстанда ҰҚМК басқармасының тағы бір басшысы ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда ҰҚМК басқармасының тағы бір басшысы ұсталды instagram.com/gknb.official

Қырғызстанда Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) Бішкектегі 6-басқармасының басшысы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kg сайтына сілтеме жасап.


Қырғызстанда Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) Бішкектегі 6-басқармасының басшысы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kg сайтына сілтеме жасап.

"Грудак" деген лақап атымен танымал ҰҚМК қызметкерін әскери прокуратура ұстаған.

"Первомай аудандық сотының шешімімен А.Т. 15 сәуірге дейін уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Айта кетейік, ҰҚМК-ның 6-басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреседі", - деп жазады басылым.

Еске салайық, бұған дейін "Вазелин" лақап атымен танымал Шу облысындағы ҰҚМК тергеушісінің ұсталғанын хабарлаған еді. Ол бұған дейін ұсталған Бішкек қаласы бойынша ҰҚМК басқармасының экс-басшысы Эльдар Жакыпбековке жақын адам саналады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети