Қыркүйектің соңына дейін егінге қолайсыз ауа райы күтіледі

Айжан Калиева
Айжан Калиева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қыркүйектің соңына дейін егінге қолайсыз ауа райы күтіледі Фото:depositphotos.com

Қыркүйек айының жиырма үшінен отызына дейін еліміздің астық егетін аймақтарында, егін жинауға жайсыз ауа райы күтіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Шәрбиев Нұркен мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қыркүйек айының жиырма үшінен отызына дейін еліміздің астық егетін аймақтарында, егін жинауға жайсыз ауа райы күтіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Шәрбиев Нұркен мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде осы кезең бойы жаңбыр күтілуде.
  • Ақтөбе облысында қыркүйектің жиырма алтысы мен отызы – жаңбыр.
  • Батыс Қазақстан облысында қыркүйектің жиырма бесі мен жиырма тоғызы аралығында,
  • Қарағанды, Ұлытау облыстарында қыркүйектің жиырма үші, жиырма жетісі мен отызы аралығында,
  • Павлодар облысында қыркүйектің жиырма үші мен жиырма бесі, жиырма сегізі мен отызы аралығында – жаңбыр.

Еліміздің шығысында қыркүйектің жиырма үші мен жиырма төртінде, жиырма тоғызы мен отызында – жаңбыр күтіледі. Жауын-шашын күндері қатты жел соғады. Жиырма үшінші және отызыншы қыркүйек аралығында күндізгі және түнгі температура біртіндеп төмендеп, түнгі уақытта аяз түсуі мүмкін.

Еліміздің басым бөлігінде, қазан айының орташа айлық ауа температурасы қалыпты деңгейде болады. Ал батыста, оңтүстік-батыста және оңтүстік бөлігінде әдеттегіден жылы болады. Жаңбыр еліміздің батыс, солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыстағы таулы жерлерде бір ай бойы жиі жаууы ықтимал.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети