Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолына кімдер шығады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолына кімдер шығады? ҰОК

20 ақпанда Италияда өтіп жатқан Олимпиадада Қазақстан атынан сегіз спортшы бақ сынайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


20 ақпанда Италияда өтіп жатқан Олимпиадада Қазақстан атынан сегіз спортшы бақ сынайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жарыс күнін Асан Асылхан, Шерзод Хаширбаев, Дінмұхаммед Райымқұлов және Роман Иванов бастайды. Іріктеудің бірінші кезеңі 14:30-да өтеді.

20:30-да Надежда Морозова, Елизавета Голубева және Арина Ильященко 1500 метр қашықта өнер көрсетеді.

Ал Ольга Тихонова мен Яна Хан 1500 метрге 1/4 финалдан бастап жүлде үшін күресті 00:15-те бастайды.

Барлық жарыс тікелей эфирде Qazsport, сондай-ақ, Jibek Joly және Хабар арналарынан көрсетіледі.

Еске салайық, 20 ақпанға дейін Қазақстан құрамасының қоржынында бір алтын бар. Оны Михаил Шайдоров жеке мәнерлеп сырғанаудан жеңіп алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 496.04  course up  586.76  course up  6.46  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети