Қытай ет қауымдастығының делегациясы СҚО-ға барды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Фото: Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

3 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысына Қытай ет қауымдастығының делегациясы келді. Тайынша ауданында СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен импорттаушылар мен экспорттаушылар клубының президенті Ма Гуаншэн екіжақты кездесу өткізді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

3 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысына Қытай ет қауымдастығының делегациясы келді. Тайынша ауданында СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен импорттаушылар мен экспорттаушылар клубының президенті Ма Гуаншэн екіжақты кездесу өткізді.

Айта кетейік, кеше Қытай делегациясы Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің VII отырысына қатысты. Бұл кездесу ШЫҰ саммитінде Қазақстан мен Қытай мемлекеттерінің басшылары арасындағы уағдаластықтарға қол жеткізу шеңберінде Қытай Халық Республикасымен екіжақты ынтымақтастықты дамыту аясында өтті.

Кездесуде Ғауез Нұрмұхамбетов пен Ма Гуаншэн өзара тиімді ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Өңір басшысы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында бірлескен жобаларды іске асыру туралы ұсыныс жасады. Облыс аумағында "АЙЦЗЮ" корпорациясының агроөнеркәсіптік кластерін дамыту жөніндегі Қазақстан-Қытай жобасы табысты іске асырылуда – "Тайынша-Май" майлы дақылдарды қайта өңдеу бойынша өндіріс іске қосылды. Сонымен қатар, "Мемолюкс" диірмені мен құрама жем зауытының құрылысы жүріп жатыр.

Сондай-ақ, Қытай делегациясы "ЕМС-Агро" ЖШС ет комбинатында болып, шошқа кешенін 200 мың басқа дейін кеңейту және ет өндіру көлемін 20 мың тоннаға дейін жеткізу жобасымен танысты. Жалпы, Солтүстік Қазақстан облысының Қытаймен ынтымақтастығы өз жемісін беретінін атап өткен жөн. Тек 3 жылдың ішінде сыртқы сауда айналымы 2,2 есеге ұлғайып,117 млн АҚШ долларды құрап отыр.

Сапар қорытындысы бойынша екі тарап СҚО мен ҚХР арасындағы іскерлік және достық қарым-қатынастар ұзақ мерзімді және нәтижелі болатынына сенім білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Материалды Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ұсынды
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.07  course up  589.9  course up  6.27  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro