Қызмет бабында қайтыс болған полицейлерді жақындары мен әріптестері соңғы сапарға шығарып салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызмет бабында қайтыс болған полицейлерді жақындары мен әріптестері соңғы сапарға шығарып салды Фото: polisia.kz

Жамбылдықтар қызмет барысында қаза болған полиция қызметкерлерін ақтық сапарға шығарып салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбылдықтар қызмет барысында қаза болған полиция қызметкерлерін ақтық сапарға шығарып салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жамбылдықтар Меркі – Шу – Бурылбайтал республикалық маңызы бар тасжолында қызмет атқару барысында жол апаты салдарынан қаза болған полиция қызметкерлері Ғалым Арыстанбаев пен Абылайхан Әбішкенді ақтық сапарға шығарып салды.

Жаназаға марқұмдардың отбасысы, ағайын-туыстарымен қатар Жамбыл облыстық полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин, ҚР ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы Арман Саданов, ҚР ІІМ кадр саясаты департаменті бастығының орынбасары Олжас Мырзабеков, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, облыстық полиция департаменті бастығының орынбасарлары, бірге қызметте болған әріптестері, достары қатысты.

Сондай-ақ қоштасу жиынында ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің қазаға байланысты көңіл хаттары оқылып, қайғыға ортақ екендігі және марқұмдардың отбасына мемлекет тарапынан әрдайым қолдау жасалатыны жеткізілді.

"Әріптестеріміздің қызмет барысында, кенеттен қаза болуына байланысты суық хабар баршамыздың қабырғамызды қайыстырды. Жас болса да өңірдегі қауіпсіздікті сақтау, қоғамдық тәртіпті қадағалауда өлшеусіз өз үлестерін қоса білген азаматтардың әлі де халыққа берер пайдасы мол еді. Олар мінсіз қызметтерімен қатар, отбасында үлгілі әке, жақсы жар, жақындарына қамқор, айналысына жанашыр болды. Артында қалған отбасы, балалары мен жұбайына әрқашан қолдау жасап, қамқор боламыз деп сенім білдіремін. Батырлардың жарқын бейнесі мен абыройлы есімі әрдайым жадымызда сақталады", - деп Арманбек Баймурзин қаза болған әріптестерінің жақындарын сабырға шақырып, көңіл айтты.

Марқұмдардың жаназасы өз туған жерлерінде — Ғалым Арыстанбаев Меркі ауданында, Абылайхан Әбішкен Талас ауданында өткізілді.

Фотолар: polisia.kz

Қаза болған полиция қызметкерлері "Айбын"орденіне ұсынылатын болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети