Қызылорда облыстық музейінің қоры тарихи жәдігерлермен толықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облыстық музейінің қоры тарихи жәдігерлермен толықты Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордадағы "Анаға тағзым" республикалық Аналар форумының аясында өткен Сыр елінің келешек брендіне айналатын жәдігерлер – алтын киімді "Шірік-Рабат сақ жауынгері" және алтын әшекейлі "Сығанақ ханшайымы" реконструкцияларының таныстырылымына қатысып, мүсіндерді облыстық музейге табыстады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордадағы "Анаға тағзым" республикалық Аналар форумының аясында өткен Сыр елінің келешек брендіне айналатын жәдігерлер – алтын киімді "Шірік-Рабат сақ жауынгері" және алтын әшекейлі "Сығанақ ханшайымы" реконструкцияларының таныстырылымына қатысып, мүсіндерді облыстық музейге табыстады.

Өңір басшысы қызылордалықтарды музей қорының толығуымен құттықтады.

"Бүгін музейге Сырдарияның бойында өмір сүрген сақ мәдениетінің жауһары – алтын киімді "Шірік-Рабат сақ жауынгері" мен Алтын Орда кезеңіндегі Ұлы дала көшпенділерінің өркениетін паш ететін алтын әшекейлі "Сығанақ ханшайымы" мүсіндері тапсырылды. Мүсіндер археолог-ғалымдардың ғылыми негіздемелеріне сай жасалды.

Желтоқсанның 8-9-ы күндері еліміздің бас қаласы – Астанада Қызылорда облысының өнер күндері өтеді. Мәдени іс-шара аясында ұйымдастырылатын "Сыр өңірі – Түркі дүниесінің алтын бесігі" көрмесінде "Шірік-Рабат сақ жауынгері" мен "Сығанақ ханшайымының" алтындатқан мүсіндері елорда жұртшылығына таныстырылады. Мәдени мұрамызды зерттеп, сақтап, болашақ ұрпаққа мирас ету жолындағы жұмыстарыңызға табыс тілеймін!", - деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Іс-шарада тарихи жәдігерлерді жаңғыртуға атсалысқан белгілі археолог-ғалымдар Жолдасбек Құрманқұлов және Әзілхан Тәжекеев сөз сөйледі.

Айта кетейік, мүсіндерді реконструкциялауға облыстық бюджеттен 40 млн теңге бөлінді. Туындыларды археолог-ғалымдар Жолдасбек Құрманқұлов және Әзілхан Тәжекеев, реставратор Қырым Алтынбеков, Өзбекстан және Татарстан Республикаларының ғалымдары Айсұлу Жаппарбергенқызы, Людмила Макласова жасады.

Айта кетейік, "Сығанақ ханшайымы" "Анаға тағзым" республикалық форумындағы барша анаға арналған тамаша тарту болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Материалды Қызылорда облысының әкімдігі ұсынған
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети