Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Шиелі ауданына жұмыс сапарымен барып, Алмалы, Ақтоған ауылдық округтеріне газ қосу рәсіміне қатысты. Салтанатты шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мархабат Жайымбетов, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, еңбек ардагерлері келді.
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Шиелі ауданына жұмыс сапарымен барып, Алмалы, Ақтоған ауылдық округтеріне газ қосу рәсіміне қатысты. Салтанатты шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мархабат Жайымбетов, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, еңбек ардагерлері келді.
Аймақ басшысы "көгілдір отын" игілігіне кенелген Алмалы ауылдық округінің тұрғындарын құттықтап, елді мекендерді дамыту бағытындағы жоспарларды бөлісті.
"Президентіміздің, Үкіметтің Сыр өңіріне жан-жақты қолдауының нәтижесінде аймағымызда бүгінгі күні ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Биылғы облыс бюджеті 650 млрд теңгеден асты. Оның ішінде, Шиелі ауданының бюджеті 15,8 млрд теңгеге жетті. Бұл ауқымды қаражат халықтың әл-ауқатын арттыруға, тұрмыс сапасын жақсартуға жұмсалуда. Бүгінде сырбойылықтардың 98,4 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Биыл 5 млрд 400 млн теңгенің 14 ауқымды жобасы жүзеге асырылады. Осылайша 2025 жылға қарай облыс тұрғындарын 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз етеміз. Сонымен қатар, 4 млрд теңгеге аймағымыздағы 12 елді мекенді газға қосу жоспарланған. Наурыз мерекесі қарсаңында Шиелі ауданының Бестам, Телікөл ауылдарына табиғи газ барды. Бүгіннен бастап Ақтоған және сіздердің ауылдарыңыз "көгілдір отын" қолданады", – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Ауыл тұрғындарын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Ергешбаев пен еңбек ардагері Абдрахман Мұсаймов құттықтады. Іс-шарада аудан дамуына үлес қосқан азаматтар мен ардагерлер облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Сондай-ақ, бүгін газ қосу рәсімі Ақтоған ауылдық округінде де өтті. Рәсімнен кейін облыс әкімі газ қосылған үй иелеріне ізгі тілегін білдірді.
Биыл Шиелі ауданында бірқатар инфрақұрылымдық жоба қолға алынбақ. Атап айтсақ, 3 млрд 250 мың теңгеге 21 шақырым жол жөндеуден өтеді. Оның ішінде, "Самара-Шымкент-Жөлек" жолы орташа жөнделеді. Аудандық маңызы бар "Шиелі-Қодаманов" жолындағы көпірді күрделі жөндеуге 311 млн теңге бөлініп, жұмыс жоспар бойынша жүруде.
Халықпен кездесулерде электр желілерінің тозығы жеткені жайлы мәселе жиі көтеріледі. Осы орайда, Шиелі кентіндегі электр желілерін қайта құрылымдауға өткен жылы 100 млн теңге, биыл 619 млн теңге қаржы қаралып, тозығы жеткен трансформаторлар мен желілер ауыстырылуда. Жобалық құны 4,5 млрд теңге болатын Шиелі кентіндегі қосалқы станцияны қайта жаңғыртуға Ұлттық қор есебінен 1,5 млрд теңге бөлінген.
"Ауыл – ел бесігі" жобасы аясында Бидайкөл, Жиделіарық, Ә.Тәжібаев ауылдарының сыртқы электрмен қамту желілерінің құрылысына республикалық бюджеттен 153 млн теңге қаралды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!