Қызылорда облысында Республика күніне арналған мерекелік салтанатты шара өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысында Республика күніне арналған мерекелік салтанатты шара өтті Қызылорда облысы әкімдігі ұсынған сурет

Қызылорда қаласындағы Өнер орталығында өткен мерекелік салтанатты шарада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақ тұрғындарын Ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтап, өңірдің даму бағыттары мен жетістіктеріне тоқталды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда қаласындағы Өнер орталығында өткен мерекелік салтанатты шарада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақ тұрғындарын Ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтап, өңірдің даму бағыттары мен жетістіктеріне тоқталды.

"Баршаңызды ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын маңызды мереке. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: "Бұл – қазақтың мемлекеттілік дәстүрі қайта жаңғырған тарихи күн. Көк түріктер дәуірінен, Алтын Орда, Қазақ хандығы заманынан келе жатқан елдігіміз тамырын тапқан күн. Бұл – Алаш арыстарының азаттық жолындағы арпалысы ақталған күн" - деген еді. Бабаларымыздың арманы болған азаттықты аялау, халқымыздың татулығын сақтау – бәріміздің басты мұратымыз", – деді аймақ басшысы.

Облыс әкімі өз сөзінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы оң өзгерістерге де назар аударды.

Әкім мәліметінше, биыл облыстың жалпы өңірлік өнім көлемі 3 трлн. теңгеден асады. Кейінгі үш жылда аймақ экономикасына 1 триллион 600 млрд. теңге инвестиция құйылса, осы жылы 720 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылады. 2025-2028 жылдары құны 2 трлн. теңгеден асатын 89 инвестициялық жоба аясында 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады.

Президент пен Үкіметтің ерекше қолдауымен облыс бюджеті
851 млрд. 300 млн. теңгеге жетіп, 2022 жылдан бері 233 пайызға өсті. Оның 56 пайызы әлеуметтік салаға бағытталды. Даму бюджетінің көлемі 2021 жылы 47 млрд. теңге болса, биыл 207 млрд. теңгеге жетіп, 4,5 есе артты.

Бұл қаражат халықтың өмір сапасын арттыруға, жаңа инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға және өңірдің өзекті мәселелерін шешуге бағытталуда.

Республика күніне арналған салтанатта ел дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар азаматтарға мемлекеттік наградалар табысталды.
Мерекелік іс-шара облыс өнерпаздарының концертіне ұласты.

Республика күні – ел бірлігі мен тәуелсіздіктің нышаны.
Қызылорда облысы ұлттық мерекені толайым табыстармен, жарқын жетістіктермен және елдік рухты асқақтатқан қуанышпен қарсы алды.

Tengrinews
Қызылорда облысы әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети