Қызылордада бір топ жасөспірім оқушыны соққыға жыққан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада бір топ жасөспірім оқушыны соққыға жыққан Видео кадры

Қызылордада бір топ жасөспірім жігітті соққыға жыққан. Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қызылордада бір топ жасөспірім жігітті соққыға жыққан. Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желідегі мәліметке сүйенсек, оқиға 18 ақпанда кешкі сағат 21:00 шамасында болған. Бірнеше жасөспірім бір адамды жабылып соққыға жыққаны айтылды.

Қызылорда облысы Полиция департаменті мәліметінше, бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Оқиғаға қатысушылар жедел түрде анықталып, полицияға жеткізілді. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр", - деді өңір полициясы.

Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданбақ. Қылмыстық істі тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети