Қызылордада жол-көлік инфрақұрылымы қарқынды дамуда

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Мемлекет басшысының қолдауымен биылғы жылы Қызылордада ауқымды жобалар қолға алынып, сәтті жүзеге асырылуда.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысының қолдауымен биылғы жылы Қызылордада ауқымды жобалар қолға алынып, сәтті жүзеге асырылуда.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: "Автокөлік жолдары – елдің экономикалық және әлеуметтік тыныс-тіршілігінің күре тамыры. Негізгі қалаларымыз бен аймақтарымыздың арасын сапалы жолдармен жалғау маңызды" деп атап өткен болатын.

Осы мақсатта Қызылорда қаласында тұрғындардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау үшін жолдар мен оның айналасын абаттандыруға жақсы мән берілуде.

Биыл қаланың жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға 36 млрд. теңге бөлінді. Оған 99 көшені салу, қайта жаңғырту, күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, 54 көшеге жаяу жүргінші жолы салынып, 81 көше жарықтандырылуда. Мұнан бөлек, әуежайдан Сұлтан Бейбарыс көшесіне дейінгі аралық, Шиелі ауданынан кіреберіс жол, Яссауи, Жаппасбай батыр көшелері, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы даңғылы кеңейтілуде. Ал, алдағы уақытта "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы "Қызылорда-Құмкөл" автомобиль жолын қайта жаңғырту көзделіп отыр.

Әуежай жолы мен Шиелі кіреберіс жолдарына кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатса, Астанадан кіреберіс Сағымбаев көшесін қайта жаңғырту жоспарланып отыр.

Е.Көшербаев көшесі қайта жаңғыртылып, Н.Назарбаев даңғылынан Тәуелсіздіктің 25 жылдығы даңғылына дейінгі жаңадан жол құрылысы салынды.

Қорқыт ата көшесінен көлік жолайрығына дейінгі бөлікті жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Төрт жолақты жолдың ұзындығы – 3,3 шақырым. Жобада жаяу жүргіншілер жолын және жарықшамдар орнату қарастырылған.

Айта кету керек, өткен жылы Қызылорда қаласында 11 млрд. теңгеге 82 шақырым болатын 267 көше жөндеуден өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Материалды Қызылорда қаласының әкімдігі ұсынды
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro