Қызылордада ұлттық киімдердің сән фестивалі өтті

viewings icon 705 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

18 наурыз - Ұлттық киім күні аясында Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, "Анаға тағзым" орталығының ұйымдастыруымен "Этно FASHION" облыстық сән үлгісі фестивалі өтті.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

18 наурыз - Ұлттық киім күні аясында Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, "Анаға тағзым" орталығының ұйымдастыруымен "Этно FASHION" облыстық сән үлгісі фестивалі өтті.

Фестиваль мақсаты – ұлттық құндылықтар мен мәдени-мұраны насихаттау, жергілікті дизайнер-тігіншілердің креативті кластерлік жаңа жүйесін қалыптастырып, жұмысын қолдау. Ұлттық киім түрлерін заман талабына сай этно стильде жаңғыртып, сұранысқа қажет үлгілерінің жаңа нұсқасын ұсыну.

Шара барысында басқарма басшысы М.Қазбекова сөз сөйлеп, фестивальге қатысушыларға сәттілік тіледі.

Фестивальге 17 дизайнер-тігінші қатысты. Әр дизайнер екі түрлі киім үлгісін ұсынды. Бірі – күнделікті киетін классикалық стильдегі заманауи этно киім үлгісі, екіншісі – сахналық, сәнді ұлттық киім. Стиль мен талғамға қарай, дизайнерлер ұсынған ұлттық киімдер бір-бірінен матасы мен тігісі, безендірілуі жағынан ерекшеленді. Мәселен, ши құрақпен безендірілген этношапан, түймелері жылқы сүйектерінен әзірленген заманауи кеудешелер, киізден тігілген шапандар, т.б. Жалпы, жергілікті дизайнер-тігіншілердің жұмысын ұлттық киімдер дефилесінде 100-ге жуық модель қыз таныстырды.

Фестивальде Ләззат Шілдебаева - Қорқыт Ата университеті "Дизайн және технологиялар" кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Аида Абибуллаева – облыстық мәслихат депутаты, Қызылорда облысы бойынша "Әйелдер күштері Альянсы" қоғамдық бірлестігінің төрайымы және белгілі хореограф, "Томирис" би ансамблінің жетекшісі, Мәдениет саласының үздігі Гүлбану Мырзабаева сарапшылық етті.

Шара соңында қатысушыларға облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Алғыс" хаты және маталар үйінің арнайы сертификаты тапсырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Материалды Қызылорда облысының әкімдігі ұсынды
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы
16°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю