Қызылордада үйлердің қасбеті жаңартылуда

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада үйлердің қасбеті жаңартылуда Фото: Қызылорда облысының әкімдігі ұсынды

Қызылорда қаласындағы көп жылдан бері қалыптасқан ғимараттардың сыртқы қасбетін қайта жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда қаласындағы көп жылдан бері қалыптасқан ғимараттардың сыртқы қасбетін қайта жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Сәулетшілер облыс орталығындағы ғимараттардың қасбеттерін біркелкілендіру, сондай-ақ, көшелердің сәулеті бірыңғай үлгіде тәртіптелу бағытында тиісті жұмыстар жасауда.
Айта кету керек, өткен жылы Қызылорда қаласында 30-дан астам ескі көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті демеушілер есебінен қайта жаңғыртылды. Биыл 100-ден аса үйдің қасбеті жаңартылуда.
Бірқатар әлеуметтік, әкімшілік, қоғамдық нысандарға түнгі жарықтандыру орнатылды. Мұның барлығы қаланың сәулеттік келбетіне жаңа сән әрі әдемі түс беруде.

Ғимараттар мен құрылыстардың архитектуралық-көркемдік безендіру жүйесіне бірегей қалалық келбет пен мәдени бірегейлікті қалыптастыруға бағытталған жұмыстарға қызылордалықтар ризашылықтарын білдіруде.

Алайда, кейбір тұрғындар арасында түсініспеушілік орын алғаны жасырын емес. Осыған орай, әкімдік мамандары мен сәулетшілер тұрғындармен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қасбеттерін қайта жаңғырту барысында қолданылып жатқан материалдардың барлығы жоғары сапалы және өңірдің табиғи ерекшелігіне төтеп бере алады. Бұған дейінгі осындай жұмыстар жүргізілген үйлердің тұрғындары түпкілікті нәтижесін көріп, түсіністік танытып жатыр.

Қазіргі таңда қала орталығында орналасқан 20 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері линеарлық панельмен қапталуда.

Сондай-ақ 77 көпқабатты тұрғын үй мен 2 әлеуметтік нысанның қасбеттерін заманауи үлгіде әрлеу жұмыстары демеушілер есебінен жүргізілуде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Материалды Қызылорда облысының әкімдігі ұсынды
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети