Қызылордалық түлектер қатарынан екінші жыл үздік атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордалық түлектер қатарынан екінші жыл үздік атанды Қызылорда облысының әкімдігі ұсынған сурет

Сыр өңірінің мектеп бітіруші түлектері Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесімен республикада екінші жыл қатарынан үздік атанды. ҰБТ-ға қатысқан 9352 оқушының орташа балы 75,7, бұл көрсеткіш республикада 70,1.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыр өңірінің мектеп бітіруші түлектері Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесімен республикада екінші жыл қатарынан үздік атанды. ҰБТ-ға қатысқан 9352 оқушының орташа балы 75,7, бұл көрсеткіш республикада 70,1.

Жоғары оқу орындарына бөлінген мемлекеттік грантты иемдену бойынша да талапкерлеріміз республикада бірінші орынға шықты. 4818 грант иегерінің орташа балы 45,4, ал республикалық көрсеткіш 29,1 болған.

Бұл туралы "Білім келешегі: Адал азамат, кәсіби маман" атты облыстық тамыз конференциясында аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев айтты. "Жақында Мемлекет басшымыз Ақордада халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қабылдады.

Кездесуде «Білім саласындағы беделіміз артып келе жатыр. Былтырдан бері оқушыларымыз 30-дан астам халықаралық олимпиада мен ғылыми жарысқа қатысып, мыңға жуық медаль алды. Бұл тамаша көрсеткіш Қазақстандағы білім сапасының жоғары деңгейін көрсетеді», - деп атап өткен болатын.

"Сыр өңірінің өрендері білімге деген ұмтылыстың, нағыз еңбекқорлық пен табанды іс-әрекеттің арқасында зияткерлік жарыстарда толайым табыстарға қол жеткізуде. Халықаралық додаларда топ жарып, республикалық олимпиадаларда үздіктер қатарынан көрінуде. Осы сәтті пайдаланып, барша Сыр ұстаздарына шынайы алғысымды білдіремін. Келешекте Сыр өңірінің жеткіншектері отандық ғылымда инновациялық идеяларды дамытып, егемен еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосады. Біз олардың болашағына үлкен үміт артып, жарқын жетістікке жететініне сенеміз. Облыстық білім басқармасына экономика және қаржы басқармасымен бірлесіп, ізденімпаз, зияткер шәкірттерді қаржылай қолдау бойынша ұсыныс енгізуді тапсырамын"-, деді аймақ басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Қызылорда облысы әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети